|
16.11.2019 | 12:32
2107

Назарбаева: Қазақстан президенті Арменияға ресми сапармен келеді (видео)

Қазақстан Парламенті Сенатының спикері Ереван мен Нұр-Сұлтанның арасы одан әрі жақындай түседі деген пікірде

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Арменияға ресми сапармен барады. Бұл туралы Қазақстан Парламенті Сенатының басшысы Дариға Назарбаева Ереванда президент Армен Саркисянмен кездесуде айтты, деп хабарлады Sputnik.

Назарбаева сапар екіжақты қатынастардың жаңа кезеңін ашатынына сенім білдірді. Ал Саркисян Армения мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен әлеует бар екенін айтты.

Армения президенті болашағы зор бағыттар ретінде ақпараттық технологиялар, мәдениет, ғылым салаларын атап өтті. Ол студенттер мен жастар ұйымдарын алмасу бағдарламалары ғылыми және мәдени қауымдасудың маңызды бөлігі деп санайды.

Кездесуде армян қауымының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды рөлі де талқыланды.

Саркисян сонымен қатар келесі жылы жүзеге асырылатын бірқатар қызықты жобаны таныстырды. Атап айтқанда, Armenian Summit of Minds, 6-шы халықаралық STARMUS фестивалі және басқа да идеялар сөз болды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир