31 наурызда Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Қанат Бозымбаевтың қандай мәселелерге жетекшілік ететінін Берік Уәли айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік етеді, - деп жазды желі парақшасында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалғаны хабарланған еді.
Оқи отырыңыз: Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды