|
01.10.2022 | 12:35
4097

Президент сайлауы: ЖСДП өз кандидатын ұсынды

Партия өз тарихында алғаш рет президент сайлауына үміткер ұсынып отыр

Президент сайлауы: ЖСДП өз кандидатын ұсынды tengrinews.kz

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кезектен тыс президент сайлауына Нұрлан Әуесбаев қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бүгін кезектен тыс съезде делегаттар Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдады.

"Съезд Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке үміткер ретінде Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевты таңдау туралы шешім қабылдады", - деді партия төрағасы Асхат Рақымжанов.

Партия өз тарихында алғаш рет президент сайлауына үміткер ұсынып отыр.

Жаңа кандидат жайлы не білеміз

Нұрлан Әуесбаев 1957 жылы Түркістан облысында туған. Партияның астаналық филилын басқарады. Жоғары білімі бар, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін тәмамдаған. Ұзақ жылдар бойы әкімдіктерде түрлі лауазымдарды атқарды.

ЖСДП – Қазақстандағы оппозициялық саяси партия. 2006 жылы 10 қыркүйекте құрылған.

Еске салсақ, кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир