Сенат депутаты үміткеріне қойылатын талаптар аталды

twitter.com
twitter.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 14 қаңтарында өтетін парламенттік сайлауда кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Депутаттыққа кандидаттарға қойылатын талаптар:

- Қазақстан Республикасының азаматы және елде кейінгі 10 жылда тұрақты тұрған;

- 30 жастан асқан;

- жоғары білімі бар;

- жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

- тиісті өңір аумағында 3 жылдан кем емес тұрақты тұрған.

ОСК мүшесі Константин Петровтың айтуынша, кандидаттың белсенді сайлау құқығы болуы керек. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жүрген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.

"Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген және алынбаған соттылығы бар адам, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық немесе құқық бұзудағы кінәсін сот мойындаған адам Парламент депутаттығына кандидат бола алмайды", - деп қосты Петров.

Новости партнеров