Бірқатар мемлекеттердегі Қазақстан елшілері қызметінен босатылды

Бірқатар мемлекеттердегі Қазақстан елшілері қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар мемлекеттердегі Қазақстан елшілері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Дулат Оразбекұлы Қуанышев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Новости партнеров