Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды

02.05.2020 23:00

Мемлекет басшысы Дариға Назарбаеваға жемісті жұмысы үшін алғыс білдірді

toppress.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, Дариға Назарбаеваға Парламент Сенатының Төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін алғыс білдірді. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

«Д.Н. Назарбаеваға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін», - деп жазды Президент.