Мемлекет басшысы коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли хабарлағандай, Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көрмек.
Президенттің қалаға іссапары туралы толығырақ қорытынды жаңалықтарда айтатын боламыз.