Үкімет отырысында Қайырбек Өскенбаев бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты
Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Біз кемені жалға бердік, сондықтан оны кім алған болса, ол үшін жауап береді. Егер кеме Қазақстанда қабылданған құқықтық нормаларға және халықаралық құқыққа сәйкес келмейтін қызметпен айналысатын болса, онда, әрине, бұл келісім бұзылып, кеме кері қайтарылады», - деді Қайырбек Өскенбаев, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
Министрдің айтуынша, қазір Түркия тексеру жүргізіп жатыр, құқықтық баға беріледі.
«Түрік тарапы, егер бұл мәселемен айналысса, жүктің қайдан шыққанын, жалдаушы кім екенін, бұл жүкті кім жібергенін анықтайтын болады және ол жерде қандай санкциялық шектеулер болғаны анық әрі түсінікті болады. Тез арада құқықтық баға беріледі, содан кейін кеменің тоқтатылуы мен қайтарылуының құқықтық салдары бар ма, жоқ па белгілі болады», - деді Қайырбек Өскенбаев.
30 маусым күні бірқатар БАҚ Қазақстанның «Жібек жолы» кемесімен Бердянск теңіз сауда порты арқылы Украинадан Түркияға астық экспортталатыны туралы ақпарат жариялады.
Кейіннен астық сату мәмілесі эстониялық Mangelbert OU компаниясы мен түрік тарапы арасында болғаны белгілі болды. Еуропада тіркелген компания болып табылатын сатушы мәміленің заңдылығын мәлімдейді.