Нұр-Сұлтанда Үкімет пен Nur Otan партиясы Мәжілістегі фракциясының жиналысы өтіп жатыр
Алқалы жиында партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқылануда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Дәл осы сәтте астанамызда Елбасының төрағалық етуімен Үкімет мүшелері мен Nur Otan партиясы Мәжілістегі фракциясының жиналысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ол туралы Тұңғыш Президентіміздің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тwitter парақшасында жазды. Алқалы жиында негізінен партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқылануда.
Айта кетейік, тамыз айында елордада өткен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан - 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы аясында бірқатар тапсырламалар жүктелген болатын. Атап айтар болсақ, жемқорлықпен күресу, партия құрамын «тазалау», барлық салаларда саяси күштің жауапкершілігін арттыру міндеттері қойылған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25