ҚР Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

01.04.2019 18:25

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысына Жоғары Сот Кеңесі жұмысының нәтижелері, соның ішінде судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы баяндалды. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.