Қазақстанның Тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осынау қиын-қыстау кезеңде Ұлтты ұйымшылдыққа шақыратын «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Онда Елбасы қалыптасып отырған жағдай оңай емес. Бұл – күллі әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. Бірақ біз оны қалай да төзімділік, ерік-жігер, табандылық сияқты ұлтымызға тән қасиеттердің арқасында жеңіп шығамыз деп зор сенім білдіреді. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі жеткілікті. Алаңдайтын еш негіз жоқ делінген. Сондай-ақ, мақалада Елбасы көптеген данышпан бабаларымыздың қанатты сөздерін келтіріп, сол қағидаларды бекем ұстануға шақырады. Өздеріңіз білесіздер, бұл пандемияны көршіміз Қытай елі ұйымшылдығы мен темірдей тәртібінің арқасында ауыздықтай алды. Біз де ауызбіршіліктің арқасында ауруды ауыздықтаймыз деп Tұңғыш президент мақаласын аяқтады.