Тоқаев: Қазақстан ресми түрде Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық етеді

Сурет: Аkorda.kz
Сурет: Аkorda.kz
«Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық етуге ресми түрде кірісетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке

 - Өзбекстан біздің ұйымның игілігі үшін белсенді жұмыс істеді, бұл үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық етуді ресми түрде қабылдады. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік. Біз ұйымның игілігі үшін жұмысты жалғастырамыз, - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Түркі мемлекеттері ұйымы 2009 жылы 3 қазанда Түркі кеңесі деген атпен құрылды. 2021 жылдың 12 қарашасында Ыстамбұлда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің саммитінде бірлестіктің атауы Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып өзгертілді.Түркі мемлекеттерінің ұйымы мүшелері – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан, Түркіменстан мен Венгрия – бақылаушы елдер.

Өзбекстан 2022 және 2003 жылдары ТМҰ-ға 12 ай төрағалық етті, Қазақстан 2024 жылы өтетін келесі ТМҰ саммитіне дейін 12 айға төрағалық етті.

 - Қазақстанның бастамасымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі қазір толыққанды беделді халықаралық ұйымға айналды. «Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітілді. Ең бастысы, бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Ортақ құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық. Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат – өзара сенімге және бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау. Түркі әлемі жаһандық ықпалы бар елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасап отыр. Басқа мемлекеттер біздің ұйымның ұстанымдарына баса мән беретін болды. Сондықтан түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу – бәрімізге ортақ міндет, - деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті басталды

Новости партнеров