Бүгін 17 тамызда басталған праймериздің алғашқы кезеңі аяқталды. Нәтижесінде Алматыда Nur Otan партияішілік іріктеуге қатысуға 299 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі NurOtan партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тіркелгендердің ішінде 35,5% әйелдер, 35,5% жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар, көпбалалы аналар, еріктілер және басқалар бар. Бүгін ұйымдастыру комитеті үміткерлердің құжаттарын тексеруді аяқтайды. Содан кейін толық тізім праймериз сайтында жарияланады. Алматы бойынша өтінімдер санына негізделсек, бәсекелестік праймеризде бір орынға 8 адамды құрайды деп айтуға болады. Келесі кезеңдерде кандидаттарды үгіттеуге дайындау, үгіт-насихат жұмыстары және дауыс беру басталады», – деп хабарлады Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, электрондық дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді.