Руслан Дәленов жаңа орынбасары қандай мәселелермен айналысатынын айтты
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ведомствоның бірінші вице-министрі Мадина Әбілқасымованың тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Руслан Дәленов жаңа орынбасары қандай мәселелермен айналысатынын айтты.
«Барлық вице-министрді үкіметтегілер тағайындайды. Әбілқасымова ханым осыған дейін Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді, халықаралық блок мәселелерімен айналысты. Ол жұмыспен қазір біздің министрлікте де айналысып жатыр. Мен әріптестерімнің қызметіне қатысты пікір білдіре аламын, бірақ қоластымдағылардың қызметіне қатысты пікір айта алмаймын, түсінесіздер ғой? Мен олардан жұмыстың орындалуын талап етемін», - деді ұлттық экономика министрі.
Сондай-ақ, Дәленов министрлердің басқа қызметтерге ауысып жатқанына байланысты олардың жалақысы өзгеретінін айтып өтті.
«Жалақы арнайы кесте бойынша реттеледі. Министрлерге қарағанда вице-министрлердің жалақысы төмен болады. Бұл лауазымның төмендеу», - деді Дәленов.
Еске салайық, кеше, 12 наурызда Мадина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалған болатын.
«ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды», - делінген еді үкіметтің сайтында.