Қазақстан Қытай мен Үндістан азаматтарына 72 сағаттық визасыз режимді тоқтатты

30.03.2020 18:25

Қазір қаулы қол қоюға тапсырылған

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан 1 шілдеге дейін Қытай мен Үндістан азаматтарына 72 сағаттық визасыз режимді тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Қазір қаулы қол қоюға тапсырылған. Еске сала кетейік, 2018 жылдың сәуір айынан бастап, қос елден келетіндер Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы әуежайға халықаралық транзитпен визасыз келе алатын еді. 72 сағаттық визасыз режим кезінде оларды шекара қызметі тіркеп, кейін көші-қон елге келген уақытын белгілеп ғана қоятын. Ал қалған барлық жауапкершілікті отандық әуе компаниялары өз мойнына алатын. Олар белгіленген уақытта елден ұшып кетуі тиіс.