Қасым-Жомарт Тоқаев неміс компанияларын Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

20.06.2023 18:47

Мемлекет басшысы бүгін елордада өтетін бірлескен бизнеске үлкен үміт артатындығын баса айтты

Акорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев неміс компанияларын Қазақстанға инвестиция салуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Біздің ынтымақтастығымыздың негізгі секторы – мұнай мен газ, өндіріс, машина жасау, көлік, логистика, жаңаратын энергия, ауыл шаруашылығы. Қанша сала болса, сонша сектор бар. Біз Германияның жаңа компанияларын Қазақстандағы жасыл өсімге, инновацияға, сутегіне, жасыл энергетика өндірісіне инвестиция салуға шақырамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында.

Мемлекет басшысы бүгін елордада өтетін бірлескен бизнеске үлкен үміт артатындығын баса айтты.

«Бүгін түстен кейін өтетін Қазақстан-герман инвестициялық форумынан зор үмітіміз бар. Меніңше, бұл форум мен оның аясында үкіметтік әрі бизнес деңгейінде қол жеткізілетін келісімдер сауда және инвестициялық ынтымақтастығымызды нығайтуға тың серпін береді деп ойлаймын», - деді Президент.