Елордада кадрлық ауыс-түйіс. Мемлекет Басшысының Жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айта кетейік, Мәулен Әшімбаев еңбек жолында көптеген лауазымды қызметтерде болды. Оның ішінде 2012-2018 жылдары V, VI шақырылымында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. Ал, осы күнге дейін ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді. Енді бұл лауазымға бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі болған Дәурен Әскербекұлы Абаев тағайындалды. Ол соңғы 4 жылда еліміздің ақпарат, коммуникация және қоғамдық даму саласына жетекшілік етті. Ал, Президенттің экс көмекшісі Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне келді.
Мәулен Әшімбае 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2016 жылы Тафтса университетін, Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (АҚШ) аяқтаған. Саяси ғылымдардың кандидаты. Халықаралық қатынастар магистрі.
Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.
Еңбек жолы:
1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі.
1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.
1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.
1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі.
2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.
2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2012-2018 жылдары – V, VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрғағасы.
2018-2019 жылдары – "Nur Otan" партиясы төрағасының Бірінші орынбасары.
2019 жылдың шілде-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2019 жылдың 18 желтоқсан күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары болып тағайындалды.
«Парасат» (2015), «Құрмет» (2007) ордендерімен және мерекелік медалдермен марапатталған.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.