Төтенше жағдайда мемлекеттік органдардың жұмыс істеу ережелерін де бекітеді
Бұдан былай Президент бейбіт уақытта әскери режим тәртібін енгізе алады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев осындай төтенше жағдайда мемлекеттік органдардың жұмыс істеу ережелерін де бекітеді. Бүгін Парламент Сенатының пленарлық отырысында депутаттар бірінші оқылымда «Әскери жағдай мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады. Айта кетейік, заң жобасының негізгі мақсаты – мемлекеттің қорғанысқа және әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындық жүйесін жетілдіру, республиканың әскери жағдай саласындағы заңнамалық актілерін, әскери қатерлер және әскери қақтығыстар сипатының өзгеруіне сәйкес келтіру.