Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды

11.01.2023 18:59
inbusiness.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ел Парламентінің баспасөз қызметі жариялаған хабарлама мәтінінде "Аталған жиын қаңтардың 13-інде Астана уақытымен сағат 10:00-ге шақырылсын", - делінген. Айта кетейік, бұған дейін палаталардың бірлескен отырысы 19 желтоқсанда өткен еді. Ол кездесуде депутаттар Парламент регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қараған болатын.