|
Saıasat
01.04.2020 | 19:49

Мемлекет басшысының ұсыныстары өте қомақты және дер кезінде қабылданған шешім – саясаттанушы

Оның айтуынша, Президент шынайы экономикалық жағдайда халықтың мұң-мұқтажын барынша ескерген

Мемлекет басшысының ұсыныстары өте қомақты және дер кезінде қабылданған шешім – саясаттанушы

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсыныстары өте қомақты және дер кезінде қабылданған шешім». Саясаттанушы Айдос Сарым осындай пікірде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, Президент шынайы экономикалық жағдайда халықтың мұң-мұқтажын барынша ескерген. Әсіресе, шағын және орта бизнесті қолдауға, жұмыссыз, яғни табыс көзінен айырылған және осы кезге дейін жұмыс істемеген азаматтарға көмек көрсету тұрғысында жасалған ұсыныстары айрықша деді. Бұл санаттағылар үшін ғана Ұлттық қордан кем дегенде 900 миллион доллардай шығарылайын деп жатқанының өзі ұтымды шешім. Бұл ақша тікелей экономикаға, тікелей өзіміздің елімізде жұмыс істеп жатқан шағын және орта бизнес өкілдеріне қайтатын қаражат. Себебі бұл ақшаны алған бойда азаматтар тауар алуға, балаларына киім-кешек, азық-түлік алуға жібереді. Демек, ол қайтадан айналып келген кезде экономиканы тірілтуге, экономиканың ішіндегі сұраным мен ұсынысты қолдауға жасалып жатқан үлкен қадам деп есептеймін,  деді саясаттанушы.

«Шынын айту керек, бүгінгі күні біздер тек қана осы «дағдарыс күндерін ғана емес, дағдарыстан кейін не болады» деген нәрселерді де бүгін ойланып, ашығын айтатын кез келген сияқты. Өйткені өзіміз көріп отырғандай, біздің мемлекет, шынымен де, әл ауқатты, өзінің жағдайын ескерген, егжей-тегжейлі отырған мемлекет екенін, жауапты мемлекет екенін көрсетіп отыр. Мінекей, кешегі үш айға көрсетіліп жатқан қаржылық көмектің өзі 900 миллион доллар, бұл 1 миллиард доллардың айналасы. Енді елестетіп көрейік, біздің ұлттық қорда жиналған қара 90 миллиард доллардай. Осылай тарата берсек, үш жылдың, екі жарым жылдың ішінде таусып бітеді екенбіз. Сондықтан қазір басты міндет экономиканы тірілту, осы дағдарыстан аман шығу. Бірақ, бұл – тек қана биліктің, кейбір азаматтардың жауапкершілігінің мәселесі емес. Бұл – әрбір азаматтың, әрбір қоғамда жүрген ақылды, ойы бар, есі бар адамның тікелей міндеті деп есептеймін. Егер біз карантин шараларын қолдайтын болсақ, оны ұстанатын боласақ, осыдан аман-есен шыға аламыз», – деді саясаттанушы Айдос САРЫМ

‡агрузка...