Қазақстан мен Орталық Азия арасындағы сауда айналымы еселеп өсті – Айдос Сарым

28.09.2023 19:02

Бүгін Астанада түркі мемлекеттері ұйымына мүше және байқаушы мемлекеттердің ресми сыртқы саяси зерттеулер орталықтарының кездесуі өтіп жатыр

Informburo.kz

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым түркі елдері мен Орталық Азия мемлекеттерінің саяси-экономикалық ынтымақтастығы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Соңғы бірнеше жылдың ішінде Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің арасындағы сауда айналымы еселеп өсті. Оның өсуіне сол мемлекет басшылары, бизнес өкілдері мен халқының ықпалы зор. Біздің бірлігіміздің тағы бір форматы – C5=1. Бұл біздің әлемдегі субъектілігіміздің танылуы. Бізді әлемнің мойындауы. Оңтүстік Корея бастаған формат кезінде министрлер деңгейінде болса, қазір президенттер деңгейіне жетті. C5=1 елдерінің басшылары АҚШ президентімен кездесіп, кешенді келісімдерге қол жеткізіп жатыр», - деді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым елордада өтіп жатқан түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер өкілдерімен кездесуде.

Сондай-ақ халық қалаулысы Оңтүстік Кореяда өткен кездесуде Орталық Азия елдерімен тұрақты өтетін жиналыс форматы жасақталғанын айтты.

«Келесі отырыс бауырлас ел Түрікменстан астанасы Ашхабадта өтеді. Ондағы идеология атқарушы билік қанша дегенмен бір жылдың бюджетімен жүреді. Кейде мәселелерге назар аударылмайтын сияқты. Ал Парламент мүшелері 5-6 жылға сайланғандықтан олардың уақыты бар. Біз осы форматты басқа да ірі ойыншыларға ұсынуға дайынбыз. Біздің Парламентте мындай қағидат бар, түркі бірлігіне қатысты кез келген шарт ратификациялануы тиіс. Түркі мемлекеттері парламент басшылары жылына 7-8 рет кездесу өткізіп жүр. Ол өзінің жемісін беріп жатыр. Түркі халықтары өте мықтымыз. Тарихымызда орасан қиындық көрдік. Соның әрқайсысынан күш алдық, ел ретінде сақталып қалдық, Тәуелсіздігімізді алдық», - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанада түркі мемлекеттері ұйымына мүше және байқаушы мемлекеттердің ресми сыртқы саяси зерттеулер орталықтарының 9 кездесуі өтіп жатыр.