Мемлекет басшысы «Green Capital Kazakhstan» жылыжай кешенінде болды

22.05.2019 19:12
Акорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Green Capital Kazakhstan» жылыжай кешеніне барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасарын қабылдады Қазақстан Президенті Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында жылына 3 мың тонна көкөніс өсіретін «Green Capital Kazakhstan» ЖШС-нің жылыжай кешенін аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның шығаратын өнімдерімен танысты және жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін осындай инвестициялық жобаларды іске қосудың маңызды екенін атап өтті.