Алматылықтар «Nur Otan» партиясының праймеризінде белсенділік танытып жатыр. Биыл партияішілік іріктеу алғаш рет жаңа форматта өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
17 тамызда басталған шараның бірінші кезеңі 30-ында тоқтатылады. Сол күні қатысуға өтініш берген азаматтардың тізімі жарияланады. Праймеризге елдің тағдырына бейжай қарамайтын кез келген адам қатыса алады. Бұл жолы бас партия әйелдер мен жастарды өз қатарына тартуды шешкен. Айта кетейік, праймериз 5 кезеңнен тұрады: бастапқыда кандидаттарды ұсыну және тіркеу; оларды үгітке даярлау; үгіт жұмыстары; дауыс беруді өткізу; тізімдерді дайындау.
«Кандидаттарды тіркеудің бірінші кезеңі басталды. Ол 28 тамызға дейін жалғасады. Бүгінгі күні сағат 10.00-ге Алматыда 96 алматылық тіркелді, олардың 30%-ы әйелдер, 25%-ы жастар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар, көпбалалы аналар, еріктілер және басқалар бар», – деді Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров.
7 қыркүйектен 3 қазанға дейін кандидаттар үгіт-насихат жүргізеді. Осы кезеңде 14-і мен 30 қыркүйек аралығында барлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, жария пікірсайыстар өткізу жоспарлануда. Жалпы партия мүшелері үш жолмен - мобильді қосымша, сайт арқылы немесе сайлау учаскелерінде дауыс бере алады.