Танымал КВН ойыншысы басшылық қызметке тағайындалды

Танымал КВН ойыншысы басшылық қызметке тағайындалды
Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтанның панкратион федерациясында қызметке орналасты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Танымал әзілкеш, «Казахи» КВН командасының ойыншысы Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол жаңа қызметте немен айналысатынын айтып берді.

«Панкратион – өте дамыған спорт түрі. Менің жұмысым –  жастарды осы спортпен таныстыру, олардың панкратионға деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Кеше кешке ғана бұйрық шықты. Құдай қаласа, осы аптада іске кірісемін», – деді жаңа қызметке тағайындалған Нұрдәулет Шертім.


Сондай-ақ, ол федерацияның алдағы жоспарына да тоқталды.

«Қарашаның 1-5-і аралығында панкратионнан Италияда әлем чемпионаты болады. Соған спортшыларды дайындаймыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық спорты дамыту және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры.

Айта кетсек, Нұрдәулет Шертім «Казахи» КВН командасы құрамында Жоғары лиганы вице-чемпионы (2010), Прага кубогының жеңімпазы (2010) атанған. Сондай-ақ белгілі әзілкеш «Базарбаевтар» сериалына, «Гуд бай, мой бай!» және «Женатики» фильмдеріне түсті.