Танымал КВН ойыншысы басшылық қызметке тағайындалды

11.07.2019 в 19:22

Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтанның панкратион федерациясында қызметке орналасты

Танымал әзілкеш, «Казахи» КВН командасының ойыншысы Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол жаңа қызметте немен айналысатынын айтып берді.

«Панкратион  өте дамыған спорт түрі. Менің жұмысым   жастарды осы спортпен таныстыру, олардың панкратионға деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Кеше кешке ғана бұйрық шықты. Құдай қаласа, осы аптада іске кірісемін»,  деді жаңа қызметке тағайындалған Нұрдәулет Шертім.


Сондай-ақ, ол федерацияның алдағы жоспарына да тоқталды.

«Қарашаның 1-5-і аралығында панкратионнан Италияда әлем чемпионаты болады. Соған спортшыларды дайындаймыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық спорты дамыту және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры.

Айта кетсек, Нұрдәулет Шертім «Казахи» КВН командасы құрамында Жоғары лиганы вице-чемпионы (2010), Прага кубогының жеңімпазы (2010) атанған. Сондай-ақ белгілі әзілкеш «Базарбаевтар» сериалына, «Гуд бай, мой бай!» және «Женатики» фильмдеріне түсті.

Теги: КВН