Қазақстан мен Конго арасында қандай құжаттарға қол қойылды

akorda.kz
akorda.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақорда Конго президентінің Астанаға ресми сапары барысында қол қойылған құжаттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Конго Республикасы Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Конго Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорт иелерін виза талаптарынан өзара босату туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Конго Республикасының Сыртқы істер, франкофония және шет елдердегі конголықтардың істері жөніндегі министрлігі арасындағы саяси консультациялар туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Конго Республикасының Пошта, телекоммуникация және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электронды үкімет қызметтері, ғарыш және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Конго Республикасының Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі арасындағы тау-кен өнеркәсібі және геология саласындағы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Конго Республикасының Энергетика және гидроэнергетика министрлігі арасындағы электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

6. "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Конго Республикасының Экономика және қаржы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

7. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен "National Petroleum Company of the Republic of Congo" арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

8. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

9. "Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы жерді қашықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

10. "MSPP GL" ЖШС мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Конго Республикасының Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Новости партнеров