Тоқаев Путинге көңіл айтты
Иркутск облысындағы өзендерде су деңгейі көтеріліп, 5 адам көз жұмып, 700-ден астамы зардап шекті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан адамдардың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
«Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан елдімекендердің қирағаны және адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны жөніндегі хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын және олардың қайғысына ортақ екенімізді жеткізуіңізді сұраймын», – делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы апатта зардап шеккендердің барлығына тезірек сауығып кетуге тілектестік білдірді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34