Түрікменстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақалтеке арғымағын сыйлады

25.10.2021 19:50

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді

стоп-кадр

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды ақалтеке арғымағын сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап. 

«Ашхабадтағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды ақалтеке арғымағын сыйлады. Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты», делінген жазбада.