Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады

Акорда
Акорда
Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми түрде басталуымен құттықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Ақорда» резиденциясында төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшісінің Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсыру рәсімі өтті.

Сенім грамотасын Малайзия елшісі Мохамад Адли бин Абдулла, Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтани, Түркия Республикасының елшісі Мустафа Капуджу және Иран Ислам Республикасының елшісі Әли Акбар Джоукар тапсырды.

Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми түрде басталуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар өз міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Үкіметі оларға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтіп, еліміздің аталған мемлекеттермен саяси, экономикалық байланыстарды қоса алғанда, барлық салада тығыз қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктес екенін жеткізді. Сонымен қатар Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін айтты.

Рәсім соңында Президент елшілердің алдағы қызметіне табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.

Новости партнеров