Тоқаев Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
«Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұртшылық өкілдерімен, көпбалалы аналармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесуі жоспарланған», - деп жазды Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысады.