Президенттік сайлау биыл 9 маусымда өтеді
9 маусымда өтетін президенттік сайлауда Сенат спикері Дариға Назарбаева өз кандидатурасын ұсынуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz порталына оның көмекшісі Сәуле Мұстафаева мәлімдеді.
"Жоқ, Дариға Нұрсұлтанқызы сайлауға түсуді жоспарлап отырған жоқ", - деді ол телефонмен берген сұхбатта.
Еске салайық, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға арнайы үндеу жолдап, биыл 9 маусымда президенттік сайлаудың болатынын ресми мәлімдеді.