|
14.09.2023 | 15:02
780

Қазақстанға ұшқышсыз басқарылатын аппараттар жеткізілді

Ұшу аппараты елде шығарылатын болады

Қазақстанға ұшқышсыз басқарылатын аппараттар жеткізілді ашық дерек көзінен

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Қазақстанда ұшқышсыз басқаралатын аппараттардың санын көбейтуге ерекше назар аударылып отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

- Соңғы кездері әлем елдерінде болып жатқан қарулы қақтығыстар ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың маңызды рөлін байқатып отыр. Осы орайда елімізде бұл бағытта тиісті қадамдарды жасап жатырмыз. Қазір осы аппараттарды сатып алудамыз және өзімізде де өндіруді қолға алдық, - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов.

Осы орайда ол аталған аппараттарды Қазақстанда өндіру жоспары жайында айтып берді.

- Бізде израильдік ұшқышсыз басқарылатын аппараттар бар, сондай-ақ ҚХР-дан да жеткізілді. Түркия компанияларымен бірлескен кәсіпорынды құру бағытында жұмыс іске асырылып жатыр. Сонымен қатар, қазір отандық аппараттарды сынақтан өткізу іс-шаралары жалғасып отыр, - деді министрдің орынбасары.

Оқи отырыңыз: Үлескерлерді алдап келген: ШҚО-да құрылыс компаниясының басшысы ұсталды


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир