Президентті ұлықтау рәсіміне кімдер шақырылады

23.11.2022 20:05
Ақорда

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Президентті ұлықтау рәсіміне шетел өкілі ретінде кімдер шақырылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қарашада Қазақстан халқына ант беретіні хабарланды.

«Инаугурацияға қабылдаушы елде тіркелген дипломатиялық корпус, яғни елшілер шақырылады. Дәл осындай тәртіп 2019 жылы өткен инаугурацияда болған еді», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, жақында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Президентті ұлықтау рәсіміне бюджет қаражатын бөлу туралы сұрақтарға жауап берді.