|
03.03.2022 | 16:18
19822

Қарулы күштер қойылған міндеттерді орындауға дайын – Қорғаныс министрінің орынбасары

Сұлтан Қамалетдинов Ресей мен Украина қақтығысы туралы осындай пікір білдірді

Қарулы күштер қойылған міндеттерді орындауға дайын – Қорғаныс министрінің орынбасары Almaty.tv

Тараптардың ешқайсысын қолдамаймыз. Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Ресей мен Украина қақтығысы туралы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сонымен қатар ол Қазақстан Қарулы күштері қаншалықты қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатыны туралы айтты.  

«Әрине, бұл мәселе бәрін алаңдатады. Кеше министр айтқандай, Қарулы күштер қойылған міндеттерді орындауға дайын деп үміттенеміз. Кепілдік, әрине, береміз, бұл анық. Мемлекеттегі Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар сол үшін, өйткені міндетіміз – егемендік пен аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету», - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған қазақстандық әскери қызметшілер мен әскери техниканы Украинаға жіберу туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. Ал жеке құрамды ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға қатысты Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде жүргізіледі. Бұл ретте осы жылдың 25 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Қарағандыдан Гвардейск гарнизонына, сондай-ақ Алматыдан Ақтау гарнизонына әскери техника жіберілгенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, 1-4 наурыз аралығында Шымкенттен Таразға, Түркістанға, «Айша-бибі» полигонына және кері бағытта техникалардың қозғалысы жоспарланып отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир