Шет елден келетін кейбір бағыттар бойынша рейстер өзгертілді

wallhere.com
wallhere.com
Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанға келетін шет елдік кейбір бағыттар бойынша рейстер тағы қысқартылды және тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Коронавирустың елде таралуын болдырмауға бағытталған шаралар аясында 2020 жылдың 1 наурызынан бастап келушілерге карантиндік шаралар қолданылатын елдердің тізімін кеңейтуді күшейтудің 4-нші кезеңі енгізілді.

Атап айтсақ, Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық жоспарланған рейстер 3 ақпанынан бастап тоқтатылған болатын. Ал, Нұр Сұлтан - Сеул және Алматы - Сеул бағыттарындағы тұрақты рейстер саны аптасына 9-дан 3 рейске қысқарса, Алматы - Тегеран бағыты бойынша рейстер 1 наурыздан бастап мүлдем қатынамайды.

Сондай-ақ, 5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан-Баку рейсі де тоқтатылады. Алматы - Баку рейсі 5-тен 2-ге дейін, Ақтау-Баку рейсі 7-ден 1 рейске дейін шектелді.

Нұр-Сұлтан - Сеул-Алматы-Сеул 9-дан 3 рейске;

Эйр Астана авиакомпаниясы Нұр Султан-Сеул 2-ден 1 рейске;

Алматы-Сеул 5-тен 1 рейске және Asiana Airlines 2-ден 1 рейске;

Mahan Air Алматы-Тегеран рейстер 1 наурыздан бастап тоқтатылды

5 наурыз Нұр-Сұлтан-Баку рейсі тоқтатылады

Алматы - Баку 5-тен 2-ге рейске;  

Ақтау-Баку 7-ден 1 рейске; (SCAT) шектелген

Нұр Султан-Токио 2-ден 1 рейске; (SCAT)

Новости партнеров