Қазақстанның Үкімет басшысы Олжас Бектенов қарсы алды
Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда әуежайында Шахбаз Шарифті Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Қазақстан мен Пәкістан ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын дамытуда.
IT-индустрия және қаржы саласы да перспективалы бағыттар болып саналады.
Оқи отырыңыз: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз жүргізді