Шарль Мишель ертең Қазақстанға ресми сапармен келеді

26.10.2022 20:20

Сапар бағдарламасында өзара мүддені көздейтін мәселелерге қатысты екіжақты келіссөз жүргізу қарастырылған

ntv.ru

Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель 27 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сапар бағдарламасында өзара мүддені көздейтін мәселелерге қатысты екіжақты келіссөз жүргізу қарастырылған.

Сондай-ақ, осы күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуі жоспарланып отыр.