|
10.06.2019 | 15:24
5105

Тоқаевты ұлықтау рәсімі қашан және қалай өтеді?

Президент халыққа ант берген соң қызметіне кіріседі

Тоқаевты ұлықтау рәсімі қашан және қалай өтеді? Sputnik

Жаңадан сайланған Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі дауыс беру қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі, деп хабарлайды Sputnik.

Заң бойынша Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауының соңғы қорытындысын дауыс беру өткеннен кейін бір апта ішінде жариялауы тиіс. Яғни, 17 маусымға дейін биылғы сайлаудың нақты нәтижесі белгілі болады. Ал жаңадан сайланған Президентті ұлықтау рәсімі дауыс беру қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде өткізілуі керек.

Бұл дегеніміз президенттің инаугурациясы 17 шілдеге дейін өтеді деген сөз. Ант беру күнін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.

Айта кетсек, Қазақстан Президенті өкілеттігінің ауысуы 1995 жылдың 26 желтоқсанындағы Конституциялық заңның 27-бабында көрсетілген

Президент халыққа ант берген соң қызметіне кіріседі. Ант мәтіні:

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан республикасы президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн».

Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.

Ант беру салтанатты жағдайда парламент депутаттарының, Конституциялық кеңес мүшелерінің, Жоғарғы сот судьяларының, сондай-ақ елдің барлық бұрынғы президенттерінің қатысуымен өткізіледі.

Президент елдің Конституциясына ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан республикасының мемлекеттiк гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы президентке Қазақстан республикасы президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және «Алтын қыран» орденiн тапсырады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир