Асқар Жәкенов Қазақстан премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Асқар Жәкенов 1975 жылы 13 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды қаласындағы «Каргормаш-ИТЭКС» ЖТАҚ-ында бастады. 1999 жылы ҚР Әділет министрлігіне жұмысқа қабылданды, онда жетекші маманнан бастап басқарма басшысына дейін қызмет етті.
2004 жылғы наурыздан бастап 2012 жылғы ақпанған дейін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етті.
2012 жылдың ақпан айынан 2013 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2013 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.