Жаңа Ұлттық банк төрағасы: Сенат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады

Tengrinews.kz
Tengrinews.kz
Парламент сенаты Ұлттық банк тқрағасы лауазымына Ерболат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Парламент сенаты Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ерболат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасы қызметіне кандидатты мақұлдады. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, конституциялық нормаларға сәйкес, Президент Ұлттық банк басшысын тағайындауға келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады.

«Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің отставкасын қабылдады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен Ұлттық банк төрағасын тағайындауға кандидатураны келісуге келдім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ерболат Досаевтың кандидатурасын ұсынды. Ол өз қызметінде білікті қаржыгер ретінде көрсетті. Мен тағайындауға келісім беруіңізді сұраймын», – деді Президент Әкімшілігінің төрағасы Әсет Исекешев.

Сенаттың Қаржы комитетінің төрағасы Ольга Перепечина Досаев экономика және қаржы саласында үлкен тәжірибесі бар, нәтижелі топ-менеджер болып табылатынын мәлімдеді. Парламент сенатының регламентіне сәйкес ұсынылған кандидатура комитеттің кеңейтілген отырысында талқыланды.

Сенат депутаттары Досаевты лауазымға тағайындауға бірауыздан келісті.


Новости партнеров