Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.01.2023 20:28

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Телефон арқылы әңгімелесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланды", – делінген хабарламада.


Тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық және басқа да салалардағы байланысты одан әрі дамыта түсудің маңыздылығын атап өтті.