|
24.01.2023 | 17:04
1713

Қазақстан көктемгі тасқынға дайын емес - Юрий Ильин

Қауіпті аймақта 127 мыңнан астам үй орналасқан

Қазақстан көктемгі тасқынға дайын емес - Юрий Ильин Almaty.tv

Қазақстан көктемгі тасқынға дайын емес. ТЖМ Юрий Ильин ел бойынша 127 мыңнан астам үй су басу қаупі бар аймақта орналасқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үкімет отырысында көктемгі тасқынның алдын алу шарасы қаралды. ТЖМ Юрий Ильин «Қазақстан көктемгі тасқынға дайын емес» деп бірден мойындады. Қауіпті аймақта 127 мыңнан астам үй Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарғанды, Қостанай облысында орналасқан. Министрдің айтуынша, былтырғы талдау нәтижелері бойынша, су тасқынының негізгі себептері - өзен арналарының балдырлануы мен лайлануы, арық жүйелердің болмауы, су қорғау аймақтарында тұрғын үйлердің салынуы. Юрий Ильиннің айтуынша,  су тасқынына қарсы іс-шараларды атқаруда жергілікті әкімдіктер дұрыс жұмыс істемейді.  

«Әкімдіктер 2022 жылға көзделген Жол картасының барлық іс-шараларын іске асырған жоқ. Бүгінде 15,6 миллиард теңгеге 41 іс-шараны іске асыру аяқталған жоқ. Бұған жергілікті бюджеттерден қаражаттың бөлінбеуі немесе уақытылы бөлінбеуі ықпал етті. Өткен жылдардағы тәжірибе бойынша, елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуда қардың уақытылы шығарылуы, су айдау құралдарының болуы және өзендердегі мұздың әлсіреуі  маңызды», – деді ҚР ТЖМ Юрий Ильин.

Министрдің болжамына қарағанда, наурыз айында Оңтүстік өңірлерде су тасқыны басталады. Қазір сол аймақтағы билік дамбалар мен арықтарды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, Индустрия министрлігі республикалық жолдың 387 учаскесін де су басуы мүмкін екенін айтты. Аталған аумақтарға 500-ге жуық техника бекітілген екен. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жауапты министрліктер мен жергілікті әкімдіктерге көктемгі су тасқынына дайындықты қазірден бастауды тапсырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир