Қ.Тоқаев: «Көкжайлау құрылысын кейінге шегеру менің ұсынысым»

08.04.2019 20:34

Ел президенті өзінің Twitter-парақшасында Көкжайлау құрылысын тоқтатуды Алматы әкіміне өзі ұсынғанын жазды


Бүгін Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің отырысында шаһар басшысы Бауыржан Байбек Көкжайлау тау-шаңғы курортының құрылысын кейінге қалдыратынын мәлімдеген болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәлімдемеге қатысты өз пікірін айтты.

Ел президенті өзінің Twitter-парақшасында Көкжайлау құрылысын тоқтатуды Алматы әкіміне өзі ұсынғанын жазды.

«Алматы қ. əкімі Б.Байбек сарапшылардың бағалауы мен қала тұрғындарының пікірін зерттеп, зерделеу үшін "Көк Жайлау" тау-шаңғы курортының жобасын кейінге шегеруді ұсынды. Менің ұсынысым бойынша қабылданған бұл шешімді қолдаймын. Мұндай маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды», - деп жазды Мемлекет басшысы.