Рудныйда 5 мың құс жанып кетті

08.04.2019 20:56

Алдын ала болжам бойынша, өртке электр желілерінің қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін

Arnapress.kz

Рудный қаласындағы құс фабрикасында өрт шықты, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгін таңғы сағат 5.11-де Рудный қалалық өртке қарсы қызмет бөліміне «Жас қанат-2006» ЖШС құс фабрикасында өрт болып жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Былтыр салынған 1 қабатты нысан тілсіз жау құрсауында қалған.

«Өрт 110 шаршы метр аумақты шарпыды. Салдарынан 5126 бас құс жанып кетті, сондай-ақ нысанның жабдықтарына залал тиді. Материалдық шығын анықталып жатыр. Адамдар зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, өртке электр желілерінің қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.