Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды

19.09.2020 20:50

Елбасы Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған музей экспонаттарымен танысты

Elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Музейді аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың белгілі жазушысының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ Елбасы Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған музей экспонаттарымен танысты. Соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті музейдің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.