|
26.10.2023 | 15:48
2996

Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды

Президент облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады

 Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды Сурет: primerminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақорданың Telegram арнасына сілтеме жасап.

Президент сапар аясында өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысының атына Республика күніне орай құттықтау хаттары келді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир