Алматының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жаңа басшы келді

Алматының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жаңа басшы келді
Рахат Шимашева соңғы екі жылда тілдерді дамыту басқармасын басқарған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының қос басқармасына жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Бұдан былай Әлеуметтік әл-ауқат басқармасын Рахат Шимашева басқарады. Еңбек жолын қарапайым мұғалім болып бастаған ол мегаполистің Білім басқармасының басшысына дейін көтерілді. Соңғы екі жылда Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасына басшылық етті.

Енді Әлеуметтік әл-ауқат басқармасын қолға алған Рахат Сейдахметқызына нақтылы міндеттер жүктелді. Ол жұмыссыздықты азайту, әлеуметтік лифттерді құру және ерекше қажеттілікке зәру жандарға кедергісіз кеңістік қалыптастыруға қызмет етеді. Сондай-ақ, әлеуметтік жобаларды іске асырып, жұмысты жандандыруы қажет.

Ал Алматының Жасыл экономика басқармасына басшы болып Ержан Сейтенов тағайындалды. Бұған дейін ол қаланың Жерді пайдалануды бақылау және қорғау басқармасының басшысы болған. Ержан Сейтеновтің алдына қойылған басты міндеттердің бірі – қаланың экологиясын жақсартып, экономиканың түрлі секторларына тиімді «жасыл» жобаларды енгізу.



Новости партнеров