|
18.11.2023 | 15:56
669

АҚШ пен Орталық Азия елдері бизнес-платформасын іске қосады

Жаңа жоба аясындағы алғашқы кездесу 2024 жылы Алматыда өтеді

АҚШ пен Орталық Азия елдері бизнес-платформасын іске қосады Сурет: АҚШ Мемлекеттік департаменті

АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан «С5+1» ынтымақтастығы аясында «В5+1» бизнес-платформасын іске қосуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Жаңа бастама аясында өңірлік экономикалық интеграция мен реформаларды дамыту, мемлекеттік-жекеменшік диалог, инновациялар мен аймақ елдеріне шетелдік инвестиция тарту арқылы экономикалық қауіпсіздікке баса назар аударылады.

Жаңа бизнес-платформасы аясындағы алғашқы кездесу 2024 жылы Алматыда өтеді.

Бұған дейін халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығы жанындағы есепті инвестициялар орталығының директоры Эрик Хонтц Орталық Азия - әлемде табыс деңгейі орташа, толық капиталдандырылмаған аймақтардың бірі екенін атап өтті.

Осыған байланысты нақты инфрақұрылымға инвестиция тарту, Алматы, Бішкек, Ташкент және т.б. сияқты халық тығыз орналасқан қалалар арқылы теміржол және автомобиль қатынасы қажет.

“B5+1” бизнес бастамасы - оң қадамдардың бірі, онда Құрама Штаттар аймаққа экономикалық интеграцияға қол жеткізуге көмектесуде жетекші рөл атқара алады.

Биылғы жылдың қыркүйегінде Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында өткен “С5+1” Саммиті барысында АҚШ президенті Джо Байден экономикалық ынтымақтастық саласында “С5+1” шеңберінде жаңа бизнес-платформаның құрылғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Қазақтың тарихи құнды жәдігерлері елге қайтарыла ма

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир