ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 22 шілдеде «ҚР Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл Жарлыққа сәйкес, ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында жаңа бөлімшелер пайда болды. Мысалы, спичрайтинг тобы, өтініштерді қарауды бақылау жөніндегі бөлім деген де бар онда.
Сонымен жаңартылған құрылым төмендегідей:
Президент Әкімшілігінің жетекшісі
Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары
Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
Президент Канцеляриясы
Президент көмекшілері
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары
Президент кеңесшілері
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы
Қауіпсіздік Кеңесінің талдау бөлімі
Қауіпсіздік Кеңесінің ситуациялық орталығы
Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі
Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімі
Мемлекеттік заң бөлімі
Жалпы бөлім
Сыртқы саясат және халықаралық қатынастар бөлімі
Ішкі саясат бөлімі
Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтандыру жұмыстары бөлімі
Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі
Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі
Мемлекеттік басқару бөлімі
Стратегиялық жоспарлау бөлімі
Құқық қорғау жүйесі бөлімі
Өтініштерді қарауды бақылау жөніндегі бөлім
Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі
Президенттің Парламенттегі өкілдігі
Президенттік хаттама
Президенттің баспасөз қызметі
Қазақстан Халқы Ассамблеясының хатшылығы
Президент Әкімшілігі басшысының хатшылығы
Мемлекеттік хатшының хатшылығы
Спичрайтинг тобы
Жарлық қол қойылған күнінен бастап өз күшіне енеді.
Бұған дейін Аида Балаеваның Президенттің көмекшісі - өтініштерді қарауды бақылау жөніндегі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалғаны хабарланған болатын.