|
26.07.2019 | 16:12
5021

Алматыға саяхаттап келген германиялық азаматтың мотоциклін ұрлап кетті

Ол екі дөңгелекті көлігін өзі тоқтаған қонақүйдің алдына қойған

Алматыға саяхаттап келген германиялық азаматтың мотоциклін ұрлап кетті

Алматыда тәртіп сақшылары Германия азаматының ұрланған мотоциклін тауып берді, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгін таңғы сағат 4:30-да «102» пультіне Германия азаматынан BMW маркалы мотоциклі ұрланғаны туралы хабарлама түсті.

Шетелдік азамат Алматыға осыдан екі күн бұрын келген. Екі дөңгелекті көлігін ол өзі тоқтаған қонақүйдің алдына қойған.

Мотоцикілінің ұрланғанын бірнеше сағаттан соң аңғарған ол полицияның көмегіне жүгінді.

«Біз жедел іздестіру жұмыстарын ұйымдастырдық және алғашқы сағаттарда кімнің қылмыс жасағанын анықтадық. Айтпақшы, бірнеше күн бұрын біздің ауданда тағы бір мотоцикл ұрланған болатын. Тәртіп сақшылары осы қылмыстардың ұқсастығын анықтады. Мотоциклдерді үш адам қолды еткен. Басты айыпталушылардың бірі - 32 жастағы азамат.

Ол Германия азаматының мотоциклі ұрланғаннан кейін бірнеше сағатта ұсталды. Күдіктілер ұрланған көлікті сатып үлгерген. Шетелдіктің көлігі Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласынан табылып, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар тағы екі айыпталушы іздестірілуде»,- деді Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Тотыбаев.

Германия азаматы біздің елге саяхаттап келген.

Ол көлігін тез арада тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын айтты.

«Мен мотоциклімді қайтарып алдым. Өте қуаныштымын. Өткен түні ұрлап кеткен еді. Мен полицияға бұл туралы таңертең айттым. Олар тез арада тауып берді. Полиция қызметкерлеріне рахмет! Мен Германиядан келдім, сол елдің тұрғынымын. Жолдың қашықтығына қарамастан Алматыға осы көлікпен жеттім. Сапарымды әрі қарай жалғастырамын. Мен Қытай мен Камбоджи еліне жүргелі тұрмын», - дейді Клаус-Стефан Штифляген.

Дереккөзі: nur.kz.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир